Зайнутдинов ЦСКА сапында жаңа маусымға дайындықты бастайды

©ЦСКА

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА сапында Ресей чемпионатының жаңа маусымына қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Клубтың баспасөз қызметі Мәскеу төңірегіндегі Новогорск қаласында оқу-жаттығу жиындарына қатысатын құрамды жариялады.

Оқу-жаттығу жиынына қатысатын құрам:

қақпашылар: Акинфеев, Тороп, Шайхутдинов;

қорғаушылар: Дивеев, Набабкин, Щенников, Фукс, Карпов, Лукин, Конюхов, Казаков;

жартылай қорғаушылар: Обляков, Мухин, Зайнутдинов, Кучаев, Бистрович, Ушаков, Ермаков, Тарба, Пряхин;

шабуылшылар: Заболотный, Гайч, Яковлев, Багринцев.

Еске салайық, осыған дейін мәскеулік клубтың басшылығы Владимир Федотовты бас бапкер қызметіне тағайындады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар