Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Кампоаморе (Испания) қаласында жаттығу жиынын өткізіп жатқан мәскеулік ЦСКА сапына оралды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, футболшы Германияда жоспарлы медициналық тексерістен өткен еді. Бұл тексеріс ойыншының былтыр алған жарақатын байланысты болды.
Бахтиердің сөзінше, бір-екі күн ол жеке жаттығады, одан кейін жалпы дайындыққа қатысады.