Зайнутдинов ЦСКА ойыншыларының арасында үздік үштікке енді

31 желтоқсан 2021 06:58
©ЦСКА

Мәскеулік ЦСКА қараша мен желтоқсан айларында үздік деп танылған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Сауалнама қорытындысы бойынша жанкүйерлер жоғарыда атап өткен айларда қақпашы Игорь Акинфеевті (42 пайыз) үздік деп таныды. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов (41 пайыз) клуб жанкүйерлерінің пікірінше екінші орын алды.

Үздік үштікті шабуылшы Антон Заболотный (13 пайыз) түйіндеді.

Еске салайық, 23 жастағы "Тараз" футбол мектебінің түлегі ресейлік команда сапында 2020 жылдан бері доп теуіп келеді. Биылғы маусымда Зайнутдинов 14 матчта алаңға шығып, екі рет гол соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар