Зайнутдинов ЦСКА командасынан кете ме? Футболшының агенті жауап берді
Бахтиер Зайнутдиновтің агенті Евгений Новиков футболшының ЦСКА командасы сапынан кетуі мүмкін деген сыбысқа байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бахтиер Зайнутдиновтің агенті Евгений Новиков футболшының ЦСКА командасы сапынан кетуі мүмкін деген сыбысқа байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бұған дейін ЦСКА сапында аз ойнап жүргеніне байланысты Зайнутдинов мәскеулік командадан кетеді деген ақпарат шыққан еді. Бірақ агент бұл мәліметті жоққа шығарды.
"Бұл ақпарат, бұл сыбыс - шындыққа жанаспайды. Бахтиер - ЦСКА ойыншысы. Оның командамен ұзақ мерзімге жасаған келісімшарты бар. Ол ешқайда ауыспайды.
Зайнутдинов жарақатынан айығып, аздап алаңға шығып жүр. Біз мұны әу баста солай жоспарладық. Ол жарақатынан кейін 90 минут ойнай алмайды. Ақырындап-ақырындап қалпына келіп алса, сосын негізгі құрамға ілінетін шығар. Команда Бахтиерге үлкен сенім артып отыр.
Ұлттық құрамада да ол 30 минуттан ойнады. Мұны да біз бас бапкермен ақылдасып шештік", - деді Новиков Sport24 порталына берген сұқбатында.
Еске салайық, әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Босния және Герцеговина құрамасына қарсы өткен ойында Зайнутдинов алаңға 57-минутта кіріп, 95-минутта айып добынан гол соғып, таразы басын теңестірді.
Жарнама