Зайнутдинов ресейлік клубтың қорытынды жиынына баратын футболшылар тізімінде

© "Ростов" ФК
Ресей премьер-лигасындағы "Ростов" футбол клубы Испаниядағы қорытынды оқу-жаттығу жиындарына қатысатын футболшылар тізімін жариялады, - деп хабарлайды футбол командасының баспасөз қызметі. Тізімге  Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов кірді.

Валерий Карпин жаттықтыратын команда Марбельде 24 ақпанға дейін болады, үш бақылау матчі осы жерде өтеді. Ал РПЛ чемпионатында "Ростов" 29 ақпаннан бастап қайта ойнайды. Команда 20-шы тур аясында сырт алаңда "Ахматпен" кездесу өткізеді. 


Жаңалықтар