Зайнутдинов пен Исламхан? Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен матчқа негізгі құрамын жариялады

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы Ташкентте Өзбекстанмен өтетін жолдастық ойынға шығатын алғашқы құрамды жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Пахтакор" стадионында өтетін жолдастық матчқа "қаршығалар" сапында:  Игорь Шацкий, Михаил Габышев, Сергей Малый, Александр Марочкин, Нұралы Әліп, Тимур Досмағамбетов, Асхат Тағыберген, Асылан Дарабаев, Рамазан Оразов, Эльхан Астанов және Абат Айымбетов бірінші минуттан бастап шығады.

Қосалқы құрамда допинг дауына қатысты екі жыл алаңға шықпаған Бауыржан Исламхан, ЦСКА қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов және басқа да ойыншылар қалды.

Өзбекстан мен Қазақстан матчі бүгін Астана уақытымен 19:00-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен және ресми сайтынан тамашалай аласыздар.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport