Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын мәскеулік ЦСКА командасы Ресей кубогінде жеңілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
ЦСКА кубоктегі кездесуін Екатеринбург қаласында "Урал" командасына қарсы өткізді. Бұл ойынның негізгі уақытында есеп ашылмады. Сөйтіп, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.
Пенальтиде "Урал" ойыншыларының мерейі үстем болды. Ал Зайнутдинов болса бұл ойынды негізгі құрамда бастап, екінші таймда жарақат алып, алаңнан кетті.