Зайнутдинов ойнайтын ЦСКА командасының жаңа бас бапкері белгілі болды

©"Сочи" ФК

"Сочидің" бас бапкері Владимир Федотов жуық арада мәскеулік ЦСКА командасын жаттықтыра бастайды. Бұл туралы "Инсайды от Карпа" телеграм арнасы хабарлады. 

Федотовтың жуырда "Сочимен" келісімшарты аяқталады. 55 жастағы маман бұл команданың тізгінін 2020 жылы ұстаған болатын. Жаңа бас бапкер ЦСКА сапында 39 жастағы Алексей Березуцкийдің орнына келеді. 

Мәскеулік команда жаңа бас бапкері туралы ресми хабарды 7 маусым күні жария етеді. 

Еске салайық, ЦСКА сапында 24 жастағы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ойнайды. Ол биыл Ресей біріншілігінде 22 кездесуге қатысып, үш гол соқты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport