Зайнутдинов ойнайтын ЦСКА командасы жаңа бас бапкерін таныстырды

©ЦСКА ФК

Мәскеулік ЦСКА Владимир Федотовты команданың бас бапкері ретінде тағайындады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

55 жастағы маман өткен маусымда "Сочи" командасын жаттықтырып, Ресей чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды. Бұл аталған клуб тарихындағы ең үлкен жетістік. 

Ал осыған дейін ЦСКА командасы Алексей Березуцкийдің қызметінен кеткен хабарлады. Онымен бірге көмекшілері - Василий Березуцкий және қазақстандық Григорий Бабаян да командадан кетті. 

Айта кетейік, мәскеулік команда өткен маусымда Березуцкийдің бастамасымен Ресей чемпионатында бесінші орын алды. Қазіргі уақытта бұл клуб сапында Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport