Зайнутдинов ойнайтын ЦСКА командасы демалысқа кетті

©ЦСКА ФК

Қазақстан құрамасының футболшысы өнер көрсететін мәскеулік ЦСКА командасы ойыншыларын демалысқа жібергенін хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Команда демалысқа кетті. Енді 5-6 қаңтар күндері Мәскеу қаласында медициналық тексерістен өтуге жиналады. Содан соң жаттығу жұмысына кіріседі. Жаттығу кезінде өткізетін жолдастық кездесулер туралы ақпарат кейінірек беріледі", - деп хабар таратты клубтың баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, ЦСКА командасы қыста үш жаттығу жиынын өткізеді. Оның екеуі Түркияда, біреуі БАӘ-де болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport