Зайнутдинов кезекті рет символикалық құрамға ілікті

©pfc-cska.com

Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов Ресей премьер-лигасындағы 15-турдың символикалық құрамына кірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Соңғы турда ЦСКА мен "Локомотив" матчінде Зайнутдиновтың командасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз голды 22-минутта Хесус Медина салды. Негізгі құрамда алаңға шыққан Бахтиер ойын соңына дейін өнер көрсетіп, 12-минутта ескерту қағазын алды.

Еске салайық, "Тараз" футбол мектебінің түлегі биылғы РПЛ маусымында ЦСКА сапында алаңға 13 рет шықты. Қазақстан құрамасында шабуылға жақын ойнайтын Зайнутдинов ЦСКА-да негізгі қорғаушының рөлін атқарады.

Еске салайық, Бахтиер осыған дейін де символикалық құрамға іліккен еді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар