Зайнутдинов кезекті рет символикалық құрамға ілікті

13 қыркүйек 2022 00:42
©ПФК ЦСКА

Бахтиер Зайнутдинов "Матч Премьер" нұсқасы бойынша кезекті рет символикалық құрамға ілікті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Зайнутдинов ойнайтын мәскеулік ЦСКА 9-турда өз алаңында "Краснодарды" 4:1 есебімен ұтты. Аталмыш матчта қорғаныста сауатты өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы турдың үздік 11 футболшысының қатарынан көрінді.

Еске салайық, Бахтиер Зайнутдинов биылғы маусымда ЦСКА сапында екінші рет символикалық құрамға ілігіп отыр.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар