Зайнутдинов Қазақстан құрамасының кездесулеріне қатыспай ма?

Сурет ЦСКА сайтынан алынды.

Мәскеулік ЦСКА командасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі футболшыларының тізімін жариялады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бірақ ұлттық құрамасының намысын қорғайтын футболшылардың ішінде қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов жоқ. 

Еске салайық, 1 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінің іріктеу кезеңінде өз алаңында Украинаға қарсы, ал 4 қыркүйек сырт алаңда Финляндия, 7 қыркүйек Босния және Герцеговина құрамаларына қарсы кездесу өткізеді.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: