Зайнутдинов қатарынан үшінші рет Ресей біріншілігі үздік футболшыларының қатарына қосылды

©ЦСКА

Қазақстан құрамасы мен Мәскеулік ЦСКА командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов WhoScored порталының нұсқасы бойынша Ресей чемпионаты үшінші турының үздік ойыншыларынан жасалған құрамға кірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

24 жастағы сол қапталдағы орталық қорғаушы позициясындағы отандасымыз портал ұсынған рейтингте 7,5 ұпай алып, үздік 11 футболшының қатарына қосылған. 

Айта кетейік, өткен турда ЦСКА командасы "Нижний Новогород" командасымен кездесіп, 2:2 есебімен тең тарқасты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар