Зайнутдинов бірінші айналымның символикалық құрамына кірді

©ЦСКА

ЦСКА мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Ресей чемпионатының бірінші айналымының қорытындысы бойынша символикалық құрамаға кірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Зайнутдинов футболдың статистикасымен айналысатын Whoscored сайтының тұжырымы бойынша үздіктер қатарынан көрініп отыр. Қазақстандық ойыншы ЦСКА орталық қорғаушысы ретінде 7,3 балл жинады.

Үздік ойыншылар тізімі:

Қақпашы - Матвей Сафонов ("Краснодар"), қорғаушылар - Даниил Хлусевич ("Спартак"), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА), Деян Ловрен, Дуглас Сантос (екеуі де - "Зенит"), жартылай қорғаушылар - Малком, Вендел (екеуі де - "Зенит"), Эдуард Сперцян ("Краснодар"), Хорхе Карраскаль (ЦСКА), шабуылшылар - Квинси Промес, Александр Соболев (екеуі де - "Спартак").

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар