Зайнутдинов "Бешикташты" алғашқы ойынында-ақ жеңіске жеткізді

©Instagram.com/bateka_11/

Қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапындағы алғашқы ойынын өткізді. Бұл матч Конференция Лигасының плей-офф кезеңінде Киевтің "Динамосына" қарсы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зайнутдинов бірінші таймнан кейін бірден алаңға шығып, Конго Демократиялық Республикасы құрамасының қорғаушысы Артур Масуаканың орнын алмастырды.

Ойынның өзі Бухарестте өтіп, түрік командасының жеңісімен аяқталды. Есеп - 3:2.

Шенол Гүнештің шәкірттері есепті екі рет алға шығарғанымен, киевтіктер екеуінде де есесін қайтара алды. Әйтсе де, ойын соңында алаң иелері сапынан Бахтиер Зайнутдинов шешуші голды салды.

"Бешикташ" командасынан голдарды Венсан Әбубәкар (40-минутта пенальти), Омар Колли (64-минут) және Бақтиер Зайнутдинов (90+5-минут), ал динамолықтардан Николай Шапаренко (60-минут) пен Назар Волошин (66-минут) салды.

Енді командалардың қарымта кездесуі 1 қыркүйекке қараған түні Ыстамбұлда өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport