Зайнутдинов барған "Бешикташ" Серхио Рамосқа қатысты бір шешімге келді

©EPA/Vostock-photo

"Бешикташ" футбол клубы "Реал" мен ПСЖ командаларының экс-қорғаушысы Серхио Рамосты қатарына қоспайтын болды. Бұл туралы белгілі журналист Фабрицио Романо жазып отыр. 

Дереккөз ақпараты бойынша, 37 жастағы қорғаушыны сатып алуға түркиялық клубтың қаржылық жағдайы жетпейді. Ал бұған дейін "Севилья" клубы президенті Хосе Кастро Рамостың бұрынғы командасына келуіне қарсы емесін айтқан болатын. 

Серхио Рамос кейінгі 2 жылда Париждің ПСЖ клубында ойнады. 58 матчқа қатысып, 6 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. Ал оған дейін 2005-2021 жылдар аралығында Мадридтің "Реал" клубында доп теуіп әлемге танылды.

Айта кетейік, "Бешикташ" командасында қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов ойнайды. Ол жақында ғана түркиялық клуб қатарын толықтырды. 

Қазіргі таңда Бахтиердің жаңа командасы құрамына Алекс Окслейд Чемберлен, Анте Ребич, Милот Рашица, Жан Онана сынды футболшылар қосылып үлгерді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport