Заманы өтті ме? Месси мен Роналду “Алтын допқа“ үміткерлер тізімінде жоқ

©planetfootball.com

France Football басылымы 2024 жылғы "Алтын допқа" үміткерлер тізімін жариялады. Тізімге Криштиану Роналду мен Лионель Месси енбей қалды. 

Екі футболшы да 2003 жылдан бері "Алтын допқа" үміткерлер тізімінен түскен емес. Он жылдан асық уақыт бір-бірімен бәсекелесіп, "Алтын допты" кезектесіп иеленіп келді. 21 жылдан кейін барып қана екеуі де бұл марапатқа үміткерлер қатарынан шықты.

Лионель Месси - "Алтын допты" 8 рет жеңіп алған жалғыз футболшы. Криштиану Роналду 5 рет иеленді. Қазір аргентиналық АҚШ-та, ал португалдық футболшы Сауд Арабиясында өнер көрсетіп жүр. 

Биылғы "Алтын допқа" үміткерлер тізімі төмендегідей:

1. Джуд Беллингем ("Реал" Мадрид);
2. Рубен Диаш ("Манчестер Сити");
3. Фил Фоден ("Манчестер Сити");
4. Федерико Вальверде ("Реал" Мадрид);
5. Эмилиано Мартинес ("Астон Вилла")
6. Родри ("Манчестер Сити");
7. Деклан Райс ("Арсенал");
8. Харри Кейн ("Бавария" Мюнхен);
9. Витинья ("ПСЖ");
10. Коул Палмер ("Челси");
11. Дани Карвахаль ("Реал" Мадрид
12. Ламин Ямаль ("Барселона");
13. Букайо Сака ("Арсенал");
14. Вильям Салиба ("Арсенал");
15. Хакан Чалханоглу ("Интер");
16. Килиан Мбаппе ("Реал" Мадрид / "ПСЖ");
17. Алехандро Гримальдо ("Байер");
18. Адемола Лукман ("Аталанта");
19. Лаутаро Мартинес ("Интер");
20. Антонио Рюдигер ("Реал" Мадрид);
21. Артем Довбик ("Жирона"/ "Рома");
22. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити");
23. Тони Кроос ("Реал" Мадрид /без клуба);
24. Мартин Эдегор ("Арсенал");
25. Дани Ольмо ("Барселона"/"РБ Лейпциг");
26. Винисиус Жуниор ("Реал" Мадрид);
27. Нико Уильямс ("Атлетик" Бильбао);
28. Флориан Вирц ("Байер");
29. Гранит Джака ("Байер");
30. Матс Хуммельс ("Боруссия" Д/"Рома").

"Алтын доп" иегері 28 қазан күні Парижде өтетін салтанатты шарада белгілі болады. Сондай-ақ өткен маусымның үздіктері (үздік жаттықтырушы, үздік қақпашы, үздік жас ойыншы, т.б.) анықталып, арнайы марапатталатын болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар