"Ювентустың" Роналдуға қатсысты "былығы" бойынша сот шешімі шықты

©Panorama.am

Португалия ұлттық құрамасы мен "Әл-Наср" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду бұрын ойнаған "Ювентус" командасына қарсы сотта жеңіп шықты. 

Футболшы мен клуб арасында құпия келісімшарт болған. Короновирус пандемиясы кезінде туриндік клуб ойыншымен жалақысын кейінірек төлеуге келіскен. Нәтижесінде команда Роналдуға 19,9 миллион еуро қарыз болған. Өткен жылдың күзінде португалдық сотқа шағым түсірген. 

Италия соты "Ювентус" клубы Роналдуға 9,77 миллион еуро төлеу туралы шешім шығарды. Sport Mediaset жазғандай, футболшы құпия келісімшарт бойынша жалақысының тең жартысын ғана ала алады. Себебі португалдық ойыншы да қамсыздығы үшін кінәлі болып танылған. Сондықтан екі тарап та жауапкершілікке тартылды. 

39 жастағы футболшы "Ювентусте" 2018 және 2021 жылдары ойнады. 134 ресми ойынға қатысып, 101 гол соқты. Туриндік клубпен бірге екі рет Италия чемпионы, бір рет Кубогын және екі рет Суперкубокты иеленді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport