"Ювентустың" жаңа бапкері Роналдуға қатысты шешім қабылдады

Сурет: Reuters
"Ювентус" футбол клубының жаңа бапккері Андреа Пирло команда шабуылшысы Криштиану Роналдумен жеке сөйлескен, - деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport.

Басылым мәіметінше, маман португалиялықтың командадағы негізгі ойыншы екенін айтыпты. Сыбыстарға қарамастан, туриндіктер Криштиануды өзге клубқа сатпайды, оған қоса, форвардпен байланыста ойынайтын орталық шабуылшы алуға тырыспақ.   

Мұның алдында "Ювентус" Роналдуға кететін шығын ауырға соғып отырғандықтан оны өзге клубқа сатпақ ниетте екені айтылған, олардың қатарында "Барселона" бар.

41 жастағы Пирло "Ювентус" Чемпиондар лигасынан шығып қалғаннан кейін бұрынғы бас бапкер Маурицио Сарридің орнына келді.