"Ювентустың" жаңа бапкері Роналдуға қатысты жоспарын айтты

© Football.ua
"Ювентустің" бас бапкері Маурицио Сарри клубтағы португалиялық форвард Криштиану Роналдумен бірлескен жұмыс туралы ойын айтты.

Италия чемпиондары Сарриді бас бапкер етіп алғаны 16 маусымда белгілі боды. "Ювентуспен" үш жылдық келісімшарт үшін ол "Челсиден" кетті.

"Челсиде" кейбір өте мықты футболшылармен жұмыс істедім, бірақ, Криштиану Роналдуды жаттықтыру - бұл тағы бір қадам алға. Оған жаңа рекордтарға жетуге көмектескім келеді.

Командадағы жағдайға әсер ете алатын екі-үш футболшыға қатысты нақты идеялар болу қажет. Содан кейін оларға өздерін толықтай ашуға мүмкіндік беру керек. Команда алаңдағы ойынға рахаттанса, көреремендер де ләзат алады. Бұл жеңіске апаратын жол", - деп келтіреді Сарридің сөзін Sky Sports.