"Челсиде" кейбір өте мықты футболшылармен жұмыс істедім, бірақ, Криштиану Роналдуды жаттықтыру - бұл тағы бір қадам алға. Оған жаңа рекордтарға жетуге көмектескім келеді.
Командадағы жағдайға әсер ете алатын екі-үш футболшыға қатысты нақты идеялар болу қажет. Содан кейін оларға өздерін толықтай ашуға мүмкіндік беру керек. Команда алаңдағы ойынға рахаттанса, көреремендер де ләзат алады. Бұл жеңіске апаратын жол", - деп келтіреді Сарридің сөзін Sky Sports.