Италиялық "Ювентус" Еуропа лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур матчында кипрлік "Омонияны" ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Туринде өткен кездесу 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. 16-минутта қонақтар қорғаушы Любомир Шатканың голының арқасында есеп ашты. Алайда туриндік команда үзіліске дейін есепті теңестіріп қана қоймай, алға да шықты. 37-минутта Андреа Камбьязо көзге түссе, бірінші таймның аяқталуына аз уақыт қалғанда Джефф Эхатор алаң иелерінің екінші голын соқты.
Үзілістен кейін "Ювентус" басымдығын ірі есепке жеткізді. 68-минутта Шику Консейсау есеп айырмасын ұлғайтса, арада төрт минут өткенде Жереми Бога матчтың қорытынды есебін белгіледі.
Жалпы кезеңнің алтыншы турында "Ювентус" 10 желтоқсанда Беэр-Шева қаласының "Хапоэль" командасымен кездеседі. Сол күні "Омония" өз алаңында "Селтикпен" ойнайды.