"Ювентустың" ең қымбат футболшысы коронавирус жұқтырған

Сурет: Alo.rs
"Ювентус" шабуылшысы Пауло Дибала тапсырған тест футболшыда коронавирус инфекция барын көрсетті. Аргентиналық командада бұл вирусты жұқтырған екінші адам, - деп хабарлайды "СЭ".

26 жастағы Дибала "Ювентус" сапында  2015 жылдан ойнайды және командадағы ең қымбат ойыншы есептеледі. Transfermarkt мәліметінше, оның трансферлік құны 90 миллион еуро.

Мұның алдында вирус қорғаушы Даниэле Руганиден анықталып, команда карантинге жатқызылған болатын.

Роналдудың командаласы коронавирус жұқтырған

Еске салайық, Италия коронавирустың таралуы бойынша Еуропада бірінші орында.