"Ювентустің" экс ойыншысы ішкілік салдарынан көз жұмды

26 желтоқсан 2022 11:06
©"Ювентус" ФК

Футболдан Уругвай құрамасының бұрынғы қорғаушысы Фабиан О’Нил 49 жасында көз жұмды, деп хабарлайды "Матч ТВ"

Бұрынғы футболшы жексенбі күні Монтевидеодағы ауруханалардың бірінде қайтыс болған екен. Бұл емдеу орталығына ол бауыр цирозымен жатқызылған болатын. 

Уругвайдың футбол қауымдастығы ұлттық команданың экс ойыншысының өлімін растады. 

Айта кетейік, О’Нил өзінің автобиографиялық еңбегінде алкоголизм кеселінен зардап шекенін жазған. 2020 жылы ол бауыр ауруымен ауруханаға бір түскен болатын. 

О’Нил клубтық деңгейде "Кальяри", "Ювентус" пен "Перуджада" ойнаған. Ал Уругвай құрамасымен 2002 жылғы әлем чемпионатына қатысты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport