"Ювентустің" бұрынғы футболшысы ҚПЛ командасынан кетті

©instagram.com/andrija_f10/

Хорватиялық легионер Андрия Филипович "Атырау" командасынан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өткен маусымда 25 жастағы шабуылшы 15 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. 

Айта кетейік, Филипович "Риека" командасының тәлімгері. Ол ұзақ жылдар бойы осы командада ойнады. 2015 жылы шабуылшы "Ювентус" командасына ауысты. Бірақ ол жақта Филипович тек үш жыл ғана ойнады. 

2016 жылы Андрия С сериясында ойнайтын "Сиенамен" келісімшарт жасады. Алайда ол италиялық клубта бірде-бір кездесу өткізбей, кетіп қалды. 

Соңғы бес жылда шабуылшы Словенияның, Нидерландының және Албанияның клубтарында ойнайды. "Атырауға" ауысарға дейін ол "Партизани" командасының намысын қорғады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар