Футбол
Бүгін 16:24
 

"Ювентус" А сериясының үздік қақпашысын АПЛ клубына бере салды

  Пікірлер

blog.share

"Ювентус" А сериясының үздік қақпашысын АПЛ клубына бере салды ©Depositphotos/operations@newsimages.co.uk

Туриндік "Ювентустың" италиялық қақпашысы Микеле Ди Грегорио мансабын Англия премьер-лигасында (АПЛ) жалғастырады. 29 жастағы голкипер "Борнмутқа" жалға ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Туриндік "Ювентустың" италиялық қақпашысы Микеле Ди Грегорио мансабын Англия премьер-лигасында (АПЛ) жалғастырады. 29 жастағы голкипер "Борнмутқа" жалға ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ди Грегорио "Ювентустан" кетті

Келісім осы маусымның соңына дейін есептелген. Бұған дейін ағылшын клубының қақпашыны шамамен 14 миллион еуроға, бонустарды есептемегенде, сатып алу құқы болатыны хабарланған.

Ди Грегорио Миланның "Интер" клубының түлегі. Алайда ол негізгі команда сапында бірде-бір матч өткізген жоқ. "Ювентусқа" ауысқанға дейін қақпашы Италияның бірнеше клубында ойнады. Оның карьерасындағы ең жарқын кезеңдердің бірі "Монцада" өтті.

"Ювентус" Ди Грегорионы 2024 жылы қатарына қосты, ал 2025 жылы оның келісімшартын "Монцадан" 14,3 миллион еуроға толық сатып алды.

Италиялық қақпашының статистикасы

Өткен маусымда Ди Грегорио Италияның 36 дүркін чемпионы сапында барлық турнирде 37 матч өткізіп, 36 гол жіберіп алды. Ол 17 кездесуде қақпасына гол жібермеді.

Бұған дейін Ди Грегорио 2023/24 жылғы маусымның қорытындысы бойынша А сериясының үздік қақпашысы атанған.

Айта кетейік, "Ювентус" "Реал" қақпашысына да қызығушылық танытып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!