"Ювентус" Роналдусыз бірінші матчінде ұтылды

Сурет: euro-football

Туриндік "Ювентус" футболдан Италия чемпионатының екінші тур матчінде "Эмполиден" ұтылды.

Туринде өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. 21-минутта жалғыз голды Леонардо Манкузо салды.

Бұл Криштиану Роналдудың "Манчестер Юнайтедке" трансферінен кейінгі "Ювентустың" бірінші ойыны.

Сонымен қоса, турнидіктер өз алаңында "Эмполиге" алғаш рет ұтылып отыр. Бұған дейін "Ювентус" осы командамен 14 ойында 13 рет ұтып, біреуінде тең түскен.

"Ювентус" екі тур қорытындысы бойынша бір-ақ ұпай жинады. Ал "Эмполи" бір ұтып, бір ұтылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport