"Ювентус" Роналдумен келісімшартты ұзарту жолдарын қарастырып жатыр

Сурет: Football.ua
Туриндік "Ювентус" шабуылшы Криштиану Роналдумен келісімшартты тағы екі жылға ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатыр, - деп хабарлайды AS порталы Tuttosport сайтына сілтеме жасап. 

Егер тараптар келісімге келсе, португалиялық футболшы италиялық клубта 39 жасына дейін онайды. Ал Роналдудың шешіміне қаржылық тұрғыдан гөрі, команда көрсеткіші маңызды екен. 

2022 жылға дейін есептелген қазіргі келісімшарт бойынша 35 жастағы футболшы бір маусымға 31 миллион алады. Ал биыл Роналду "Ювентус" үшін 32 матчте 25 гол салды. 

Роналду "Ювентуске" мадридтік "Реал" сапынан 2018 жылы 112 миллион еуроға өткен болатын.