"Ювентус" Погбаның трансфері бойынша "МЮ" командасымен келіссөз бастады

Сурет: Sportbox
Туриндік "Ювентус" англиялық "Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушысы Поль Погбаның трансферіне қатысты келіссөздерді бастады, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Италиялық клуб Погбаны алдағы трансферлік кезеңде командадан кетуі мүмкін Миралем Пьянич пен Адриен Рабьоның орнын басу үшін алмақ. 

Сонымен қатар, франциялық футболшыға "Пари Сен-Жермен", "Интер" мен "Реал" да қызығып отыр. Ал оның англиялық клубпен келісімшарты 2021 жылдың 30 маусымына дейін жасалған. Дегенмен келісімге клуб оны тағы бір жылға алып қалу шарты енгізілген.

Еске саалйық, 2019/2020 маусымында Погба АПЛ-де жеті және анлия лигасының кубогында бір матчте ойнады. Хавбек осы ойындарда екі нәтижелі пас берді. Айта кетейік, футболшы 2012 мен 2016 жылдар аралығы "Ювентусте" өнер көрсеткен. 
Жаңалықтар