"Ювентус" пен "Барселона" футболшылармен алмасты

Коллаж: sport24.ru
"Барселонаның" жартылай қорғаушысы Артур италиялық "Ювентус" сапына ауысты, ал оның орнына испаниялық командаға хавбек Миралем Пьянич барды.

Клубтар ойыншылармен келісімшарт жасағандарын растады. Футболшылар жаңа командаларына маусым аяқталысымен қосылады. 

23 жастағы Артур үшін "Барселона" 72 миллион еуро алды және тағы 10 миллион үстеме ретінде берілді. Бразилиялық "Ювентуспен" бес жылдық келісім жасады.



Ал 30 жастағы Пьянич үшін "Ювентус" 60 миллион еуро алады, оған қоса бес миллион үстеме бар. Босниялық төрт жылдық келісімшартқа қол қойды.