"Ювентус" маусымды жеңіспен бастады

©Reuters

Италия чемпионатының бірінші турында "Ювентус" өз алаңында "Сассуолоны" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Альянс" аренадағы матчта Максимиллиано Аллегри ойыншылары 3:0 есебін тіркеді. Жазғы трансферлік маусымда командаға қосылған Анхель Ди Мария есеп ашса, шабуылшы Душа Влахович дубль авторы атанды.

Матч статистикасына назар аударсақ, алаң иелері 14 соққы жасады. Ал қонақтар болса Маттиа Перин қақпасына 19 соққы жасағанымен гол сала алмады.

Осы жеңісінің арқасында туриндіктер 3 ұпаймен турнир кестесінің екінші сатысына көтерілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport