"Ювентус" Криштиану Роналдудың орнын бастатын футболшы тапты

©Reuters

Туриндік "Ювентус" ағылшындық "Эвертонның" шабуылшысы Мойзи Кинмен келісімшарт жасады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

21 жастағы шабуылшы туриндік командада екі жыл жалда ойнайды. Бірақ екі жылдан кейін "Ювентус" шабуылшыны сатып алуға міндетті. Жалпы Киннің трансфер құны 20 миллион болады. 

Осыдан екі жыл бұрын Кин "Ювентус" командасынан "Эвертон" сапына 25 миллионға ауысқан болатын. Оның ағылшындық командамен қазіргі келісімшарт 2024 жылы аяқталады. 

Италиялық форвард "Ювентус" сапында өзінің алғашқы кездесуін 2016 жылы өткізді. Ол кезде де турнирдік команданы Массимилиано Аллегри жаттықтырған еді. 

Өткен маусымда Мойзе жалда "Пари Сен-Жермен" командасында ойнады. Париждік командада ол 41 кездесуге қатысып, 17 гол соғып, бір нәтижелі пас берген. 

Кинді "Ювентус" Криштиану Роналдудың орнын басу үшін алған. Португалиялық шабуылшы 31 тамыз күні командадан кеткен еді. Роналду енді ағылшындық "Манчестер Юнайтед" командасының намысын қорғайды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар