"Ювентус" командасы карьерасын аяқтайтын Джорджо Кьеллинидің орнын басатып орталық қорғаушы тапты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
La Gazzetta dello Sport ақпараты бойынша, туриндік команда "Арсеналдың" қорғаушысы Габриэль мен "Наполидің" қорғаушысы Калиду Кулибалиге көз тігіп отыр.
Айта кетейік, осыған дейін 37 жастағы "Ювентус" пен Италия құрамасының қорғаушысы Италия кубогінің финалында "Интерге" (2:4) қарсы кездесуден кейін командадан кететінін айтты.
Еске салайық, Джорджо "Ювентус" сапында 2005 жылы "Фиорентинадан" 7,7 миллион еуроға ауысты. Содан бері ол туриндік командада 559 кездесу өткізіп, 36 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді. Қорғаушы "Ювентус" сапында 9 мәрте Италия чемпионы атанды. Сонымен қатар, 5 рет Италия кубогі мен Суперкубогін иеленді. Ал 2006/2007 жылғы маусымда Кьеллини В сериясында да топ жарды.