"Ювентус" жанкүйерлері "Милан" қақпашысын кемсітті

21 қыркүйек 2021 18:36
©twitter

"Ювентус" жанкүйерлері 4-ші турдың орталық кездесуі алдында "Милан" қақпашысына балағат сөздер айтты. Матч алдындағы дене қыздыру жаттығуында жанкүйерлер Майк Меньянды "маймыл", "негро" деп мазақтаған. Алайда мұның бәрі арандатушылық екенін түсінген француз қақпашысы мән бермеді. 

Еске салайық, "Ювентус" пен "Милан" кездесуінде 1:1 есебі тіркелді. 4-минутта Альваро Морта есеп ашса, 76-минутта Анте Ребич таразы басын теңестірді. Нәтижесінде Максимиллиано Аллегри командасы 2 ұпаймен 18 орында тұрса, "россонери" турнир кестесінде 10 ұпаймен 3 орында келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар