"Ювентус" жанкүйерлері клуб басшылығын сынға алды

©theguardian.com

"Ювентус" жанкүйерлері Чемпиондар лигасында Хайфаның "Маккабиіне" қарсы ойын алдында арнайы плакаттар ілді, деп жазады "Чемпионат".

Фанаттардың ілген баннерлерінің бірінде: "Аллегри мырза клубтан ешқашан кетпейді. Оны қолдайтындар "Ювентустың" жанкүйері болуға лайық емес", - делінсе, екінші баннерде: "Аньелли кет" - деген жазбалар болды.

Еске салайық, "Ювентус" 2022/23 жылғы маусымның алғашқы айларында бірнеше турнирде ұпайдан қағылып келеді. Мәселен Чемпиондар лигасында өткізген 3 ойыннан кейін небәрі 3 ұпай еншілесе, Италия біріншілігінде 9 турдан кейін 13 ұпаймен 8-орында келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар