"Ювентус" басшылығы Роналду мен бас бапкерге қатысты нақты жауап берді

Сурет: Football.ua

Туриндік "Ювентустің" спорт директоры Фабио Паратичи команда бас бапкер Маурицио Сарри мен шабуылшы Криштиану Роналдумен қоштасады деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Сарри кетеді? Бұл баспасөз бетіндегі әңгіме ғана. "Ювентусте" он жылдай болды жүргеніме, кейінгі тоғыз жылда үзіліссіз көш бастап келеміз. Аллергимен бес жыл қатарынан чемпион атандық. Кез келген тең ойын немесе жеңісті матчте бізді онымен байланыстырады. Дегенмен Сарри келесі маусымда "Ювентусты" жаттықтыратыны сөзсіз.

Роналду - өте биязы, әрі сыпайы жігіт. Әлемдегі ең мықты футболшы бола тұра ешкімге ықпал етуге тырыспайды. Бапкер және көмекшілермен өзге ойыншылар сияқты сөйлеседі. Криштиану осында қаларына сенімді", - деп береді Паратичидің сөзін Football Italia.