"Ювентус" басшылығы Дибаланың орнын басатын басқа аргентиналықты тапты

©Reuters

"Ювентус" басшылығы Пауло Дибаланың орнына басқа ойыншы тапты, деп жазады La Gazetta dello Sport басылымы.

Аргентина құрамасының шабуылшысы жазғы трансферлік маусым басталғанда еркін агент атанып, клубтан кететіні белгілі болды. Осыған байланысты "Ювентус" басшылығы "ПСЖ" жартылай қорғаушысы Анхель Ди Марияны қатарға қоспақшы.

34 жастағы Ди Мария париждік командада 2015 жылдан бері доп теуіп келеді. Биыл ол ішкі чемпионатта алаңға шыққан 20 матчында үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берген. Ал Дибала болса А сериясында алаңға 22 мәрте шығып, сегіз гол соқты. Сонымен қатар, бес нәтижелі пас берді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: