"Ювентус" бас бапкерге қатысты шешім шығарды

©Ювентус ФК

"Ювентус" басшылығы Массимиллиано Аллегриді команданың Чемпиондар Лигасынан шығып қалғаны үшін қызметінен кетірмейді, деп жазады Sky Sport Italia басылымы.

Басылымның мәлімдеуінше, бапкердің болашағына қатысты алаңдайтын ешнәрсе жоқ. Тек Аллегридің көмекшілері командадан кетуі мүмкін.

Еске салайық, "Ювентус" қонақта "Вильярреалмен" 1:1 есебімен тең түссе, қарымта матчта өз алаңында 0:3 есебімен ойсырай ұтылды.

Осылайша, италиялық ұжым кәрі құрлықтың ең үздік турнирін орта жолда аяқтауына тура келді. Ал Унаи Эмери баптайтын "сары сүңгуірлер" Чемпиондар Лигасының 1/4 финалына шықты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport