"Ювентус" бапкерді боқтаған Роналдуға қатысты шешім қабылдады

© Eurosport
"Ювентус" басшылығы команда шабуылшысы Криштиану Роналдуды Италия чемпионатының 12-ші турындағы "Миланға" қарсы матчтегі әрекеті үшін жазаламайтын болды, - деп хабарлайды Goal.com.

Туриндіктердің бас бапкері Маурицио Сарри форвардты 55-ші минутта Пауло Дибаламен алмастырған болатын. Бұған қатты наразы болған португалиялық бапкерді "иттің баласы" деп, алаңнан шығып бара жатып, оның қолын алмады да. Осыдан кейін ол матчтің аяқталғанын күтпей, стадионнан кетіп қалған. 

Мәлімет көзінің ақпаратынша, Роналдуға бұл үшін үлкен айыппұл салыну керек болған, клубта осындай ереже бар. Алайда "Ювентус" басшылығы ойыншыны жазаламайтын болды. 

Сарридің өзі мұны Роналдудың тізесіндегі жарақатын меңдетпес үшін алмастырғанын айтты. 

Айта кетейік, Сарри осымен Роналдуды ойын ортасында екінші рет алмастырып отыр. Мұның алдында португалиялық шабуылшы Чемпиондар лигасы топтық кезеңі төртінші турындағы "Локомотивпен" матчті толық ойнаған жоқ. Футболшы ол кезде де бапкердің қолын алмады.

Роналдуды екі рет қатар алмастырған ойындар соңғы рет 2016 жылы мамырда болған. Ал өткен маусымда шабуылшы жалпы екі рет қана ауыстырылды.

Қатарынан екінші ойында алмастырылған Роналду бапкерге қыр көрсетті
Жаңалықтар