"Ювентус" бапкері Криштиану Роналдуды бүкіл командаға iMac сыйлауға мәжбүрлеген

Сурет: Football.ua
Туриндік "Ювентустің" қақпашысы Войцех Щенсный команданың бас бапкері Массимилиано Аллегри ойыншылар тәртіп бұзғанда бір-біріне сыйлық сыйлауға міндеттейтінін есіне алды. 

Осылайша, 2018 жылы Чемпиондар лигасындағы "Валенсияға" қарсы ойында Криштиану Роналду алаңнан қуылғанына байлаысты команданың әр ойыншысына iMac сыйлады.

"Енді әрқайсымызда iMac бар. Бірақ ұзақ күттік, өйткені Роналду ол кездегі алаңнан қуу шешімімен келіспеді және бәрін дұрыс жасадым деп келді. Екі айдай уақыт кетті, бірақ, әрқайсымызға бір iMac-тан тиді", - деп келтіреді Щенсныйдің сөзін Daily Mail.

Голкипердің өзі де жаттығуға кешіккені үшін әр ойыншыға Dr. Dre Beats құлаққаптарын сыйлаған екен. 
Жаңалықтар