"Ювентус" Аллегридің орнына Контені шақыруы мүмкін

©Интер ФК

"Ювентус" басшылығы соңғы күндері бас бапкер Массимилиано Аллегридің орнына жаңа бапкерді іздестіруде. Бұл турады Италияның La Gazzetta dello Sport газеті жазды.

Басылымның мәліметінше, туриндік клубта Аллегридің жұмысына көңілі толмайды.

Басшылықтың пікірінше, Конте "Ювенің" жас ойыншыларымен жақсы тіл табыса алар еді. Оның үстіне Антонио Конте кезінде аталмыш команданы жаттықтырған.

Осы орайда "Тоттенхэммен" 2023 жылға дейін келісімшарт жасасқан Конте Италиядан ұсыныс түскен жағдайда отанына оралуға дайын.

Еске салайық, "Ювентус" А сериясының 11 турынан кейін 19 ұпаймен 8-орында келеді. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өткізген 5 турдың қорытындысы бойынша 3 ұпай еншілеп, плей-офф раундына шыға алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар