Юрген Клопп матч кезінде адам өмірін құтқарып қалды
Юрген Клопп Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында "Ливерпуль" мен "Интер" арасындағы қарымта матчта адам өмірін құтқарып қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Юрген Клопп Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында "Ливерпуль" мен "Интер" арасындағы қарымта матчта адам өмірін құтқарып қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Матч Премьер" телеграм арнасы хабарлағандай, ойын кезінде Юрген Клопп төрешілер назарын өзіне аудартқан. Алғашында не болғанын түсінбеген Антонио Матеу Лаос ойынды тоқтатқан. Осы кезде Клопп трибунаға командасының дәрігерлерін жіберді. Нәтижесінде дәрігерлер жүрек талмасына түсіп қалған жанкүйердің өмірін құтқарып қалды. Бірнеше минуттан кейін жанкүйердің жағдайы қалпына келген соң, ол трибунаға қайта оралды.
Еске салайық, "Энфилд Роудтағы" ойын италиялық команданың жеңісімен (0:1) аяқталды. Алайда қос матчтың қорытындысы бойынша 2:1 есебімен жеңіске жеткен "Ливерпуль" турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Жарнама