Юрген Клопп коронавируспен ауырып қалды

©sport24

"Ливерпуль" клубының ресми сайты мәлімдегендей, бас бапкер Юрген Клопп тапсырған тесттің нәтижесі бойынша неміс бапкерінен коронавирус табылды.

Осыған орай бүгін, 21-турда "Челси" мен "Ливерпуль" арасындағы матчта бапкер командасының жанында бола алмайды.

Еске салайық, турнир кестесінде 20 ойын өктізген Томас Тухел ойыншылары 42 ұпаймен екінші орында тұрса, 19 матч өткізген "Ливерпуль" 41 ұпаймен үшінші орынға жайқасқан. "Мерсисайдтықтар" жеңіске жеткен жағдайда 44 ұпай жинап, көш бастап тұрған "Манчестер Ситиге" (53) жақындай түспек.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар