Англиялық "Ливерпуль" клубының бұрынғы бас бапкері Юрген Клопп карьерасын қайта бастап, ол үшін жаңа клуб та тауып алған сияқты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Клопптың жаңа клубы
La Stampa басылымының мәліметінше, 57 жастағы неміс маман жаңа маусымнан бастап Италияның "Рома" клубын жаттықтыруға келісім берген. Клопп римдік команданың ұсынысын 18 мамыр күні қабылдаған екен.
"Ливерпульдің" Клоппен бірге жеткен жетістіктері
Клопп бапкер ретінде кейінгі рет "Ливерпульде" қызмет етті. Ол бұл клубты 2015 жылдан 2024 жылға дейін жаттықтырды. Осы аралықта "қызылдар" оның жетекшілігімен сегіз трофейге қол жеткізді:
• Англия Премьер-Лигасы (АПЛ),
• Англия Кубогы,
• 2 рет Футбол лигасының кубогы,
• Англия Суперкубогы,
• Чемпиондар лигасы,
• УЕФА Суперкубогы,
• Клубтық әлем чемпионаты.
Бұған дейін Клопп Германияда "Майнц" пен "Боруссия Дортмундты" жаттықтырған. "Боруссиямен" бірге ол екі рет Бундеслига чемпионы, Германия Кубогының иегері атанып, Чемпиондар лигасының финалына дейін жеткен.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Клопп Red Bull холдингінде жаһандық жетекші қызметін атқара бастаған болатын.
"Рома" — Италияның ең атақты клубтарының бірі. Клуб 3 рет Серия А жеңімпазы, 9 рет Италия кубогын, 2 рет Италия Суперкубогын жеңіп алған. Сондай-ақ, УЕФА Конференциялар лигасының алғашқы жеңімпазы.
Жарнама