Юрген Клопп "Бенфикамен" ойын алдында пікір білдірді

©liverpoolfc

"Ливерпуль" бас бапкері Юрген Клопп Чемпиондар Лигасының 1/4 финалындағы "Бенфикамен" қарымта ойыны алдында команда құрамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Бенфикамен" өтетін матч алдында команда сапында ешкім жарақат алмаған. Алайда өткен аптада "Манчестер Ситимен" болған кездесуден кейін қай ойыншының қаншалықты дайын екендігін білуіміз керек. Өткен жылы Чемпиондар Лигасында ойнау үшін ішкі чемпионатта жанталасып едік, биыл енді сол турнирдің жартылай финалына шығу мүмкіндігіне таласып жатырмыз. Португалиялық клубқа қарсы болатын матч біз үшін өте маңызды. Жақсылап дайындалуымыз керек", - дейді Клопп.

Еске салайық, "Бенфика" мен "Ливерпуль" арасындағы бірінші ойын 1:3 есебімен неміс бапкерінің пайдасына аяқталды. Қарымта кездесу 13 сәуірде "Энфилд Роудте" өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport