"Манчестер Сити" бас бапкері Пеп Гвардиола Чемпиондар Лигасының алғашқы жартылай финалынан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Бұл ойын Юпитер мен Марс планеталарында өткенде 8 гол соғуға болар еді. Бірақ біз бүгін "Реалға" қарсы ойнадық. "Корольдік" клубтың қақпасына 7-8 гол салу мүмкін емес. Бұл кездесуде біздің команда футболшыларының жеңіске деген құштарлығы мықты болды. Ең бастысы финалға бір табан жақындай түстік", - дейді испаниялық маман.
Еске салайық, "Манчестер Сити" мен "Реал" арасындағы алғашқы матч 4:3 есебімен аяқталды. Қарымта ойын "Сантьяго Бернабеуде" 4 мамыр күні өтеді.