auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Ыңғайсыз қарсылас болғанымен...". Асхат Тағыберген Беларусь құрамасы жайлы

"Ыңғайсыз қарсылас болғанымен...". Асхат Тағыберген Беларусь құрамасы жайлы
©ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Беларусьпен өтетін ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, бұқаралық ақпарат өкілдерінің сауалдарына жауап берді деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Асхат, команда біршама үзілістен кейін жиналып отыр. Команданың жағдайы қалай? Жігіттердің көңіл-күйі қандай?

- Кеш жарық! Көңіл-күй өте тамаша. Барлығымыз қайтадан жиналғанымызға қуаныштымыз. Ертеңгі ойынға толықтай дайынбыз деп айта аламын.

- Ойынға дайындық қалай? Біз Тағыбергеннің ұлттық құрамадағы жойқын голдарын қашан көреміз?

- Ертеңгі ойында жүрегімізбен ойнап, денсаулығымызды жасыл алаңда қалдыруға тырысамыз. Барлық ойыншылар тас-түйін дайын. Ал гол туралы айтатын болсақ, мен гол салғаннан гөрі нәтижелі пастан жақсы әсер аламын. Енді сәті келсе, гол салуға тырысамын.

- Біріншіден, УЕФА-ға өткелі топтан бірінші орын алып көрген жоқпыз. Команданың физикалық дайындығын айтып жатырсыздар, ал психологиялық дайындығы қалай? Бірінші орынның жауапкершілігі сезіле ме? Ойыншылардың жүйкесіне салмақ болмай ма? Екіншіден Беларусь құрамасын әлі де жеңбедік. Не кедергі?

- Тарихи сәт айтып жатырмыз ғой. Беларусь құрамасы ыңғайсыз қарсылас болғанымен, тарихи сәт келгенде бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. Арманымыз емес, өңіміз қылуға тырысамыз. Енді көп сөздің қажеті жоқ, ертең жасыл алаңда барлығын көрсетуге тырысамыз.

Еске салайық, бүгін УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстан мен Беларусь құрамалары кездеседі. Ойын "Астана Аренада" елорда уақытымен 20:00-де басталады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама