Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский алматылық "Қайраттан" кету туралы шешім қабылдады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Meta-ratings.kz ақпараты бойынша, қорғаушыға шет елдік бірнеше команда қызығушылық білдірген. Олардың қатарында ресейлік "Урал" ұжымы да бар.
Вороговский "Қайрат" сапында жазда ауысып, үш жылдық келісімшарт жасады. Оған дейін қорғаушы Бельгия біріншілігінде "Беерсхоттың" намысын қорғады.
Айта кетейік, маусым соңынан кейін "Қайраттан" бірнеше футболшының кететіні белгілі болды. Олардың қатарында Камо Оганеся, Нейбоша Косович, Стас Покатилов және Ғафуржан Сүйімбаев бар.