Ян Вороговский бельгиялық клубқа ауысты

©ҚФФ

"Қайрат" пен Қазақстан құрамасының 25 жастағы қорғаушысы Ян Вороговский мансабын бельгиялық "Моленбекте" жалғастырады, деп хабарлайды алматылық клубтың ресми сайты.

Бельгиялық клуб футболшыны сатып алу мүмкіндігімен алты айға жалға алды.

Өткен маусымнан бастап "Моленбек" Бельгия чемпионатының Бірінші лигасына қатысып келеді. Қазір команда 3-ші орында келе жатыр және Премьер-лигаға шығуға ниетті.

Еске салайық, Ян Вороговский "Қайрат" сапында 2016 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың шілдесіне дейін ойнаған, содан кейін бельгиялық "Беерсхотқа" ауысып, онымен бірге Бельгия Премьер-лигасына жолдама алды. Ал өткен жазда "Қайратқа" оралып, үш жылдық келісімшартқа қол қойды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: